
Оның ішінде 3 номинация Сыр өңірінің үлесіне тиді. Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі «Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» болып табылды. Сондай-ақ, «Жыл меценанты» атағы «Саутс Ойл» ЖШС бас директоры Серікжан Сейітжановқа берілді.Ауыр атлетикадан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов «Жеңіске ұмтылыс» номинациясына лайықты деп танылды.