Астанадан алты жүлдемен оралды

53

0

Астанадан алты жүлдемен оралдыАстана қаласында каратэ-додан өткен Қазақстан біріншілігінде қызылордалық спортшылар 6 жүлдемен оралды. 
Атап айтқанда, 12-13 жас аралығында  сынға түскен Ақмарал Бекназар (45 келі) мен 18 ден жоғары жастағылар  арасында Салтанат Исмаилова (53 келі) алтыннан алқа тақты.  Ал 47 келіден жоғары салмақта Диана Досқали (14-15 жас), 50 келіге дейінгі салмақта Мөлдір Жаңбырбай (16-17 жас) күміс жүлдені еншілесе, 10-11 жас аралығында Әсемгүл Ердәулет пен 16-17 жас аралығында Қуандық Мантай   3-орынды иеленді. Спортшыларды жарысқа Рүстем Әбжәмиев, Рүстем Қараев, Нұржан Ақпанбет дайындады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз