Ақсуат ауылында жаңа емхана ашылды

47

0

Ақсуат ауылында жаңа емхана ашылдыАдам өмірінің басты байлығы денсаулықты сақтайтын – дәрігерлер, ал олардың халыққа қызмет жасауына мүмкіндік жасайтын – емханалар. Ауылдағы ағайын тағы бір қуанышқа кенелді. Ақсуат ауылында жаңа емхана ашылып, халыққа адал қызмет жасауға кірісті, деп хабарлайды Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қазметі.
Елбасы адам денсаулығын сақтауға әрдайым үлкен басымдық беріп келеді. Биылғы жолдауында да «мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты» деген болатын. Бұл басым бағыттар халықтың денсаулығын сақтауға жасалған зор қамқорлық. Елде тағы бір емхана ашылды. Бұл жолғы қуаныш – Ақсуат ауылында.
Ауыл тұрғындарын келе жатқан мемлекеттік мереке – Конституция күнімен құттықтай отырып, осы маңызды мереке қарсаңында заманауи ауылдық емхананы аудан әкімі БахытЖаханов жаңа нысан халық игілігіне айналғай деп ашып берді.
Ақсуат ауылындағы жаңа емхананың құрылысы Республикалық бюджет қаржысы есебінен типтік жобада жүргізілген. Құрылыстың жалпы сметалық құны 91,9 млн теңге. Республикалық бюджеттен 82,7 млн теңге бөлінсе, облыстық бюджеттен 6,6 млн теңге қаралған. Құрылыс жұмыстарының бас мердігері – «Өмірзақ» ЖШС.
Емхананың жалпы ауданы 3 мың шаршы метр. Барлығы 41 бөлменің ішінде негізгі емдеу 23 бөлмеден тұрады. Әрбір жұмыс күнінде 15 адамнан қабылданса, күндізгі емдеу бөлімінде 9 адам жатады. Ғимараттың бу қазандығы қатты отынмен жылытуға арналған.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Қоғамды өркендететін де, көркейтетін де дені сау адамдар. Елбасының адам денсаулығын сақтауға жасап отырған қамқорлығына ел риза.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз