Асыл тұқымды жылқыларды жаратып жүр

45

0

Асыл тұқымды жылқыларды жаратып жүрШиелі. Аудандағы Бала би ауылының тұрғыны Даулетхан Ахантай 1996-1998 жылдардан бері асыл тұқымды ағылшын, Ресей жылқыларын будандастырып тұқым алып келеді. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, одан өзге бұл азаматтың бәйгеде аяғы сынған асыл тұқымды жылқыларды сатып алып, өзі емдеп жазатын қасиеті де бар. Қазірде оның меншігінде 3 бас Афигран есімді Украиналық, Лорд Кэт есімді Ресейлік, Фастум есімді Ресейлік асыл тұқымды айғыры және 12 аналық биесі бар. «Осы жылқыларымды бәйгеге қосып 7 машина ұттым және бәйгеде жараланған жылқыларды сатып алып өзім емдеп жазамын. Асыл тұқымды жылқылардан туған құлындарды қазірде 500-800 мың теңгеден сатып жатырмын. Егер шаруашылық ашып құлындарды заңдастырып сататын болса 5-10 мың доллар аралығында сатылмақ» – деді Дәулетхан
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз