Ата-аналық құқығын қайта қалпына келтірді

40

0

Талапкер Т. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына өзінің аналық құқығын қалпына келтіруді сұрап талап арызбен жүгінген. Байқоңыр қаласының тұрғыны Т. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының 04 қыркүйк 2012 жылғы шешімімен 1996 және 2004 жылдары дүниеге келген кәмелетке толмаған балаларына қатысты аналық құқығынан шектеліп, балалары жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалдырылған балалар үйіне тәрбиеленуге берілген.
Сот отырысында жауапкер жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалдырылған балалар үйінің сенімхат бойынша өкілі талап арызды мойындап, Т-ның ішімдік ішуін қойып, балаларына жиі келіп, олармен қарым-қатынас жасап тұрғанын, оның әрекеттерінен түзелу жолына түскені байқалатынын, аналарының ата-аналық құқығының қалпына келтірілуіне қарсы емес екенін көрсетті.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек,  Қызылорда қаласының қамқоршылық және қорғаншылық функцияларды жүзеге асыратын органының өкілі кәмелетке толмаған балаларының мүддесі үшін азаматша Т-ның аналық құқығын қалпына келтірген жөн екенін білдірді. Сот отырысында Т. пәтерде балаларға арнайы бөлме дайындап, жағдай жасағанын, ішімдік ішуін тоқтатқаны, сот шешімімен аналық құқығы шектелгеннен кейін балалар үйіне кәмелетке толмаған балаларын бағуға тиіс алиментті уақытылы төлеп келгені, балалар үйіне жиі барып, балаларымен кездесіп, оларға қамқорлық жасайтыны анықталған. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты азаматша Т-ның түзелу жолына түскенін анықтап, аналық құқығын қалпына келтіру туралы талап арызын қанағаттандыруға шешім қабылдап, балаларын өз тәрбиесіне берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз