Қызылорда. Облыс бойынша тұтыну тауарлары мен қызметтерінің индексі ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 100,6%-ды құрады. Оның ішінде, азық-түлік тауарлары бағасының индексі 100,4%, азық-түлік емес тауарлар -100,5%, ақылы қызметтер көрсету -101,0%.
Облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, азық-түлік тауарлары ішінде бағаның өсімі жаңа піскен жемістер мен көкөністерге 3,5%, алкогольді сусындарда – 1,5%, темекі өнімдерінде – 1%-ға байқалды. Баға киім және аяқ киімге 0,9% көтерілді.
Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын-үй жайлар қызметтері су, электрэнергиясы, газ және отынның өзге де түрлерінің бағасы 1,8%, оның ішінде тарату желілері бойынша тасымалданатын табиғи газ бағасы 21,2%, көлік қызметі – 0,6%-ға көтерілді.