Атақты Джек Ма Димаш Құдайбергенге сыйлық жасады

63

0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Инстаграмдағы парақшасында «Alibaba Group» қытайлық алпауыт интернет-компаниясының негізін қалаушы Джек Ма тарту еткен сыйлығын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш әлеуметтік желі парақшасында жариялаған суреттің астына оның әлемдегі ең бай 10 бизнесменнің бірі Джек Ма мырзаның «Ali baba» компаниясының сыйлығы екенін айтып, әлемге танымал кәсіпкерге алғысын білдірген.

Еске сала кетейік, Джек Ма қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің де жанкүйері.

Айта кетейік, Димаш Singer 2017 халықаралық байқауында екінші орын алып, қытай халқына танылған еді. Жазда Бейжіңде өткен 2017 Fresh Asia music Festival аясында жерлесіміз «Үздік шетелдік шығармашылық адамы» аталымында бірінші орынды жеңіп алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз