Атақты әнші Димашқа батасын берді

68

0

Атақты әнші Димашқа батасын берді Халық әртісі Бибігүл Төлегенова Қытайдың ән байқауында бағын сынап жүрген Димаш Құдайбергенге игі тілегін айтып, батасын берді.
Айта кетсек, бүгін Димаш қатысып жүрген «Singer-2017» байқауының финалы өтеді. Осыған байланысты қазақтың күміс көмей әншісі талантты бауырына сәттілік тіледі.
«Қымбатты Димаш, біз – сенің жанкүйерің, «фанатыңбыз». Сенен тек үлкен жеңістер күтеміз. «Славян базары» байқауында да саған батамды беріп, ақ жол тілеп едім, осы жолы да батамды беремін. Бүгін тек барша Қазақстан , Қытай ғана емес, бүтін әлем саған тілектес. Біз сенің басты «фанаттарыңбыз», өйткені сен біздің жерлесімізсің. Елімізге ең жоғары марапатпен оралуыңды тілейміз», – деп ізгі тілегін жеткізді Бибігүл апай.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз