Ақтөбе ауылынан наубайхана ашты

32

0

Ақтөбе ауылынан наубайхана аштыҚармақшы. «Ақниет»
бағдарламасы бойынша Ақтөбе ауылынан наубайхана ашқан көп балалы ана Әйткенова
Мариямкүл қайтарымсыз 500 мың теңге көлемiнде грант жеңiп алған кәсiпкер.

Аудан әкімдігі баспасөз
қызметінің хабарлауынша, өз қаражатын қосып нан пiсiретiн пеш, қамыр илейтiн,
қамыр көтеретiн, торттард
ың кремдерiн дайындайтын құрылғылар мен тәттi тоқаштарды сақтайтын
мұздатқыш сатып алған.

-Әзiрге үйiмнiң бiр бөлмесiн пайдаланып отырмын,
наубайхана құрылысын бастауға қаражатым жеткiлiксiз, жұмысқа көмекшi адам алғым
келедi, оған ай сайын еңбекақы төлеуiм керек, оған мүмкiндiгiм жоқ. Пештер тоқ
көзiн көп қажет етедi, бұған бiрталай қаржы кетедi. Күнделiктi 100-дiң үстiнде
тәттi тоқаштар, әр түрлi печеньелер, он шақты торт, 20 дана нан пiсiрiп, ауыл
тұрғындарының сұранысын орындап отырмын. Кәсiбiмдi кеңейтiп, одан әрi дөңгелете
түскiм келедi. Қайтарылатын, аз пайызбен несие алып жатсам нұр үстiне нұр болар
едi, – дейдi кәсiбiн ендi бастаған көпбалалы ана.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз