Ақтөбе өңірінде Қызылорда облысының мәдениет күндері басталды

85

0

Ақтөбе өңірінде Қызылорда облысының мәдениет күндері басталдыАқтөбеде Қызылорда облысының мәдениет күндері басталды.

«Осы жылдың сәуірінде Қызылорда облысында Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтті. Енді қызылордалықтар делегациясы бізге келді», – дейді Ақтөбе облысының мәдениет басқармасының бас маманы Ғазиза Көшкімбаева.

Қызылорда облысының мәдениет күндері облыстық өнер мұражайында «Шежірелі сыр елі» этнографиялық көрмесімен ашылды. Онда Қызылорда аймағындағы қазба жұмыстары кезінде табылған ұлттық әшекейлер, аспаптар, ыдыстар, қару-жарақтар қойылды. Мұнда жұртшылық назарына барлығы шамамен 180 экспонат ұсынылған.

Ал облыстық драма театрында Қызылорданың шығармашылық иелерінің «Сыр – Алаштың анасы» атты гала-концерті өтті.

Бүгін кешке драма театрда «Қорқыт» спектаклі қойылады, сонымен бірге облыстық филармонияда Қызылорда облысының «Сәлем Сырдың елінен» филармониясының солистерінің концерті жоспарланған.

12 қараша күні қызылордалық өнер шеберлері облыстың Әйтеке би және Ырғыз аудандарына барып, есеп беру концертерін қояды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз