АҚТӨБЕДЕ ӘН ШЫРҚАДЫ

48

0

Облыстық филармония камералық оркестрінің Ақтөбе қаласында концерті өтті. Онда жергілікті өнерпаздар халық әндері мен әлемдік және белгілі қазақ композиторларының туындыларын орындап, ақтөбеліктердің ыстық ықыласына бөленді.
Сонымен бірге, өнер шеберлері «Oblivion», «Ганны и Данило», «Por uno Cabeza»,  «Палладио», «Интермеццо», «Una  furtive  lagrime», «Ария Калафа», «Каватина Тонио», «Баллада Герцога», «Песня Герцога» және тағы басқа да шетелдік шығармаларды орындады. Кеш барысында көрермендер өнерпаздармен бірге ән шырқап, зор қошемет көрсетті. 
Айта кетейік, бұл концерт Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы мен Қызылорда облыстық филармониясы арасындағы әріптестік мемо¬рандумға сәйкес ұйымдастырылған болатын. 
Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз