Ақтөбеде Қызылорда облысының күндері өтуде

41

0

Ақтөбеде Қызылорда облысының күндері өтудеЕлбасының өңіраралық
кооперацияны дамыту туралы тапсырмасын Ақтөбе мен Қызылорда облыстары
алғашқылардың бірі болып жүзеге асыруда. Қазірде қос аймақтың байланысы барлық
салада нығая түскен. Оны Ақтөбеде өтіп жатқан Қызылорда облысының күндері
аясында анық аңғардық.

Қызылордалық
делегаттар Ақтөбе облысындағы ірі кәсіпорындарды, шаруа қожалықтарды,
мемлекеттік-жекеменшік аясында жүзеге асқан жобалармен танысып, екі өңір арасындағы
ынтымақтастықты арттыруға байланысты бірнеше меморандумдарға қол қойылды.

Сондай-ақ, білім,
денсаулық, мәдениет, туризм салаларында бірлесе дамыту мәселелері қаралды. Шара
барысында Ақтөбе облыстық өнер музейінде Қызылорда облысы суретшілерінің көрмесі
өтті. Көрмеге Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің көркемсурет
галереясының қорындағы Сыр өңірінің белгілі суретшілерінің, атап айтсақ Әбілхан
Қастеев, Қожахмет Қожықов, Айша Ғалымбаева, Гүлфайруз Ысмайлова және тағы да
басқа жергілікті суретшілердің 50-ге жуық туындылары қойылды.

Бүгінгі өнер
иелерінің қайталанбас жұмыстары қала жұртшылығы мен қонақтарына эстетикалық
тұрғыда рухани әсер сыйлады. Қазақ өнерінің қасиетті тармағы – Сыр мәдениеті
мен өнері бүгін тағы да өркен жая түсті.

Ақтөбе облысының
тұрғындарына Т.Ахтанов атындағы драма театрында Қызылорда облысы өнер
шеберлерінің гала-концертін ұсынды.

Ал бүгін филармонияға
қарасты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрі ұжымы Тәуелсіздікке тарту
ретінде «Азат елдің ақ таңы» атты концертін Ақтөбе халқына ұсынатын болады. Аталған
мәдени шарада халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары өнер
көрсетеді. Бұған қоса, Сыр елінің мақтанышына айналған «Томирис» би ансамблі
өнерлерін паш етпек. Ал жыршылардан Сырдағы әйгілі төрт мектептің өкілдері – Майра
Сәрсенбаева, Шолпан Бимбетова, Руслан Ахметов, Әзілхан Мақсатбаев және
халықаралық балалар шығармашылығы байқауының лауреаттары мен облыстық
филармонияның өнерпаздары ән шырқайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз