Ақтөбеліктер суасты балық аулаудан алға шықты

50

0

Ақтөбеліктер суасты балық аулаудан алға шықтыАрал ауданы «Қамбаш»  көлінде су асты балық аулаудан Қазақстанның ашық
чемпионаты аяқталды. Биыл өңірімізде бірінші мәрте ұйымдастырылған
жарысқа Астана қаласы, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының
спортшылары өзара сынға түсті.
    Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Ақтөбе
облысының спортшылары І орынды иеленіп, 300 мың теңге көлемінде ақшалай
сыйақы табыс етілді. ІІ орынды Маңғыстау облысы, ІІІ орынды Астана
қаласының командалары еншіледі.
    Жекелей есепте ақтөбелік Евгений Шевченко ел чемпионы атанса,
ақтаулық Мәлік Ермақашев күміс, астаналық Думан Елеуов қола жүлделерге
қол жеткізді. Сондай-ақ «Ең ірі балық ұстаған» номинациясымен ақтөбелік
Мәлік Ермақашев ие болды.
    Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз