
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 (төрт) адамға қатысты 26 том құраған қылмыстық істегі тағылған айыптар мынадай: адам өлтіру; алаяқтық; қаруды заңсыз алып жүру; бөтен адамның мүлкін қасақана бүлдіру; құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау; қызметтегі әрекетсіздік; қылмыс туралы хабарламау.
Іс сотқа 1 шілде күні түсіп, өндіріске қабылданды. Алдағы уақытта іс бойынша алдын ала тыңдау жүргізіледі – деді судья А.Сабыров. Сондай –ақ, судья А.Сабыров журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.