Атыраудағы жеңіліс

38

0

Атыраудағы жеңілісЕл
чемпионатының 15-туры аясында Атырауға қонаққа барған Қызылорданың
«Қайсары» 1:2 есебімен ұтылып қалды. Дмитрий Огай шәкірттері алаң
иелеріне лайықты қарсылық көрсеткен. Бірақ екінші таймда «мұнайшылар»
жеңісті жұлып алды.
«Атырау» — «Қайсар» 2:1 (1:1)
Голдар: Иванович 19 (1:0), Вороговский 45 (1:1), Григорьев 53 (2:1).
Негізгі құрамда Мартин Кляйнға да,
Кирилл Шестаковқа да орын табылмағандықтан «Қайсар» командасын алаңға
капитан ретінде отандық футболдың өте тәжірибелі ойыншысы Сергей Струков
бастап шықты. 
Ал есепті бірінші болып алаң иелері
ашты. Бірнеше қорғаушының ортасында тұрғанына қарамастан әріптесінің
асырған пасын ұтымды пайдаланған Иван Иванович допты әдемі қабылдады да
қақпаға қақырата соқты. Дегенмен, жерлестеріміз еңселерін түсірген жоқ.
Шабуылдарын жалғастыра беріп, үзіліске сәл қалғанда таразы басын
теңестіріп кетті. Владислав Нехтийдің пасынан кейін «атыраулықтардың»
қақпасын дәл көздеген Ян Вороговский болатын. Өкінішке қарай, екінші
таймда жеңісті есепті ұстап тұра алмадық. Ги Стефан Эссаме мен Антон
Григорьев екеулеп жатып, Рамиль Нұрмұхаметов қақпасынан екінші рет
саңылау тапты. Алайда, бұл ойынның да жақсы жақтарын атап өтуге болады.
Соның бастысы, ұзақ үзілістен кейін командаға Жасұлан Молдақараев
оралды. Енді Рахымжан Розыбакиев, Дамир Дәуітов және Пламен Димовты
күтеміз.
Енді ел чемпионатын екі апталық үзіліс
күтіп тұр. Одан кейін жерлестеріміз 20 маусым күні Қызылорда қаласында
турнир көшбасшысы «Ақтөбе» командасын қабылдайды. Ойын Астана уақытымен
сағат 19:00-де басталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз