Ауған соғысы ардагерлері ардақталды

38

0

Ауған соғысы ардагерлері ардақталдыЖаңақорған. Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кеші болып өтті. 
Интернационалдық борышын өтеуге Жаңақорған ауданынан 64 азамат аттанса, 1 жауынгеріміз Мұхтар Нарымбетов сол Ауған жерінде қаза тапқан. Елге оралған 63 азаматтың бүгінгі таңда екеуі қайтыс болса, 11 жауынгер республиканың түрлі аймақтарында еңбек етіп жүр. Ал қалған жауынгерлерді бүгін аудан әкімі «Ерекше ерлік жасағаны үшін» медалімен марапаттады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз