Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

37

0

Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілдіАрал. Арал ауданынан Ауғанстан жеріндегі соғысқа 42 жауынгер аттанса, соның екеуі оралған жоқ. Бүгінгі таңда оларға туған жерлерінде үнемі құрмет көрсетіліп, еске алу шаралары ұйымдастырылып келеді. 
Биыл Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл. Осы орайда көпке ерліктері үлгі болған азаматтарымызға құрметі көрсетілді. Ауған соғысы ардагер¬лерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ерлік¬пен қаза болған жауынгерлерге арнап құран бағышталды. Мұнан соң ел алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтарымызға арналып дастарқан жайылды. 
Онда аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Оразбаев сөз алып, ауған соғысында қазақстандық, соның ішінде аралдық жауынгерлердің өз борыштарын адал орындағандығын атап өтті. Жиында ауған соғысы ардагерлеріне сый-сияпат көрсетіліп, мерекелік медальдар табыс етілді.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз