Аудан балуандары әлем чемпионатына қатысады

39

0

Аудан балуандары әлем чемпионатына қатысадыҚармақшы. Үстіміздегі жылдың 21-23 ақпан аралығында Тараз қаласында дзюдодан 1994-95 жылдары туылған жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. 
Аталған жарысқа қатысқан жерлестеріміз Қармақшы аудандық №15 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері Исағабылов Мақсат 90 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, Сәлімгереев Нұрым 100 кг салмақта І орын және Ерғалиев Еламан +100 кг салмақта І орынды жеңіп алды. «Осы жарыста жеңімпаз атанған Нұрым мен Еламан дзюдодан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» нормативін орындап, тамыз айында Майями (АҚШ) қаласында өтетін жастар арасындағы Әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды» деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз