Аудан әкімі білім саласының нысандарында болды

38

0

Аудан әкімі білім саласының нысандарында болдыЖаңа оқу жылы
басталар алдында аудан әкімі Бахыт Жаханов аудандағы және шалғай елді мекендердегі құрылыс
жұмыстарының жүргізілуімен, білім нысандарын аралап, жаңа оқу жылына дайындық
барысын тексерді.

 Алдымен Әйтеке
би кентіндегі «Жанқожа батыр-баба» кесенесіне жүргізіліп жатырған абаттандыру
жұмыстарының барысымен танысты. Мұнан соң Ақтан батыр ауылындағы «Ақтан батыр»
кесенесі, №190 мектептің және ауылдағы шағын орталықтың жөндеу жұмыстарынан
хабардар болды. Сондай-ақ Бекарыстан би, Майдакөл, Аранды,Қожабақы, Өркендеу,
Бірлік, Абай ауылдарындағы және Қазалы қаласындағы білім, денсаулық, мәдениет
нысандарын  аралап, жаңа маусымға
дайындықтарын, Әйтеке би кентіндегі №234 мектеп пен спорт кешенінің, 280 орындық
балабақша құрылыстарының басында болды.
 Аудан
басшысы  Бахыт Жаханов сапар барысында
тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, оның орындалуы сұралатынын
ескертті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз