АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАДЫ

115

0

Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы Иіркөл, Алмалы және Жиделіарық ауылдық округтеріндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жағдайымен танысты.
Сонымен қатар, елді мекен тұрғындарының тыныс-тіршілігі мен қам-қарекетін біліп, ауданда жүзеге асырылып жатқан жұмыс барысын және алдағы жоспарлары туралы хабардар етуді мақсат еткен аудан басшысы ауыл ардагерлерімен кездесіп мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, ауылдардың әлеуметтік жағдайы, халықтың тұрмыс – тіршілігі, өзекті мәселелер жөнінде ауыл ақсақалдарының ұсыныс – пікірлерін тыңдады.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын, мемлекетте жүргізіп отырған реформалардың оң нәтижелерін кеңінен түсіндіріп, шағын және орта бизнесті дамыту жолында бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз