Аудан әкімі жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды

44

0

Аудан әкімі жұмыстың сапасына мән беруді тапсырдыҚармақшы ауданы әкімі Сұлтан Мақашов ауылда жүргізіліп жатқан құрылыс, абаттандыру жұмыстарын аралап, бірқатар сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

    Биыл Қуаңдария ауылына 50 жыл толуына орай көптеген жұмыстар басталып кетті. Мұнда орталық саябақтың абаттандыру жұмыстары және «Ерсейтбембет» атындағы мешіт құрылысы жүруде. Сонымен қатар, орташа жөндеу жол жұмыстары және жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 25 қазанда Қуаңдария ауылының 50 жылдық мерейтойы аталып өтпек. 

    Одан әрі аудан басшысы ауылдағы əлеуметтік нысандарды аралады. Қармақшы ауылына қарайтын Қызылтам ауылының тыныс-тіршілігімен танысты.

    Мұнда 80-ге жуық отбасы орналасқан. Екі мал шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Бұл елдің халқы таңнаң кешке дейін қозғалыста, жұмыссыз адам сирек кездеседі. Ауылдағы жаңа мектептің жай-күйі көңіл қуантарлықтай.

    Мəселен, Иіркөл ауылының тұрғыны Айгерім Исағалиева аудан əкімінің жеке қабылдауына келіп, жұмыс сұраған болатын. Жас маман жолдама арқылы Қызылтам ауылындағы №79 негізгі мектептің биология пəнінің мұғалімі болып орналасты. Қазір 6-9 сыныптарға сабақ береді жəне 6-сынып жетекшісі.

    Мектептің жарық, тазалығы жақсы, жылу маусымына сақадай дайын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз