Аудан орталығының айналасын қоқыс басты (видео)

37

0

Аудан орталығының айналасын қоқыс басты (видео)Қызылорда облысындағы 70 мыңдай тұрғыны бар Қазалы ауданында қоқыс тастау алаңы жоқ. Сол себепті аудан орталығы Әйтеке би кентінің оңтүстік беткейін тұтастай тұрмыстық қалдық басып қалған, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі.
Тұрғындар бұл маңайда бейіттер орналасқанына қарамастан 15 жыл бойы толассыз қоқыс тастап келген. Үйілген тау-тау қалдық жан-жаққа шашылып, аудан экологиясына кері әсерін тигізіп, кент шырайын қашырып тұр. 10 жылдан бері көтерілген мәселе биылдан бастап шешіле бастағандай. Қазір коммуналдық мекемелер мен кәсіпкерлердің ауыр техникалары бірлесіп, аумақты тазалау жұмыстары басталды. Бейіттер қоршалып, қалдық лақтыруға тыйым салынды.
Сондай-ақ типтік жобадағы арнайы қоқыс алаңын салуға 22 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.
 
Қуаныш Сансызбаев, Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары:
– 2005 жылдан бастап бұл мәселе үлкен, өзекті мәселе болып қозғалып, сол кезден бастап жерге шешім берілді. Бірақ, құжаттар дайындау рәсімдері бүгінгі күнге дейін созылып тұр. Қазір енді экологиялық сараптамаға жолданып отыр. Оң қорытынды алғаннан кейін тиісті құжаттар дайындалады, қаржы бөлінеді. Сосын жаңадан типтік жобадағы полигон салынатын болады.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз