Ауданда күріш егуді бірінші бастады

38

0

Ауданда күріш егуді бірінші бастадыЖалағаш ауданындағы «Сәрке Батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл сайын ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім жинап жүрген алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі. Өткен жылы егін жинау науқанының қорытындысымен аудан жеңімпазы болған серіктестік биылғы жылы 1500 гектар жерге күріш егуді жоспарлап отыр.
«Серіктестік бойынша МТС жаңа техникаларымен жабдықталып келеді. Биылғы жыл басынан бері КамАЗ автокөлігі, тіркемелі К-700, ХТЗ, тұқым себетін сеялка техникалары лизинг арқылы сатып алынды. Көктемгі күріш егісіне тұқым, техника толық дайын. «Сәрке Батыр» атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Б.Әлмағанбетов басқаратын №4 бригадасы күріш тұқымын себу жұмысын ауданда бірінші болып бастады. Бригаданың егіс танабында дән себу рәсіміне ауыл, аудан ардагерлері қатысты» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз