
Онда теңіз төскейіндегі өңірдің тарихынан сыр шертер суреттер мен түрлі экспонат жұртшылық назарына ұсынылды. Мәдени шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Тарихы тереңге тартқан киелі Арал топырағы талай шайырлар мен дүлдүлдерді өмірге әкелген қасиетті мекен. Аталған драма театрдың сахнасында Аралдың шығармашылық иелерінің «Тербеген ән мен жырдың ақбесігін, армысың, Қызылордам – Ақмешітім» атты гала-концерті өтті.
Концерт шымылдығы «Айбыны асқақ, дәулеті тасқан, айдынды Арал» атты Аралдың кешегісі мен бүгінін суреттеген кинохроникамен ашылды. Одан әрі мәдениет майталмандарының өнерімен жалғасқан шара көрерменге көтеріңкі көңіл-күй тарту етті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!