
Министр С.Қайырбекова кент орталығындағы аудандық емхананың жағдайымен танысты. Министр бастап келген топты емхананың бүгінгі жағдайы мен ауданның денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтары жөнінде емхананың бас дәрігері Ж.Абдусаметов таныстырды. «1976 жылы салынған 3 қабатты емхана бірнеше жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Емхананың 47% медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Алайда, бүгінде ғимарат ішіндегі бөлмелердің жетіспеушілігінен тіркеу бөлімін ұйымдастыра алмай отырмыз. Сонымен қатар, мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарлама аясында бүгінде емханада жұмыс жасап, баспаналы болған 17 жас маманымыз бар»,- деді өз сөзінде бас дәрігер Ж.Абдусаметов. Министрден өзге топ құрамында облыс әкімінің орынбасары А.Әлназарова болды.