
«Бұл шара Ел Президентінің «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени мұраны жинастыру, сақтау және насихаттау бағытында қолға алынып отыр» делінген аудан әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Сирек кітапхана қорында 1937-1947 жылдар апасында жарық көрген 10-нан астам кітап бар. Ал Қазан, Уфа қалаларында басылған 1894 жылғы, 1902 жылғы діни кітаптармен бірге 1322 жылғы араб қарпімен жазылған медицина жөніндегі кітапты көргенде халық арасында ыждаһатты адамдардың мол екеніне көз жеткіздік. Ал Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» кітабының мына көне нұсқасы Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің көмегімен «Әлем зердесі» атты ұлттық реестрге тіркелген. Махаббат туралы әлемдік жауһарлар қатарында саналатын бұл кітап өзінің тарихилығымен де құнды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!