Ауласына 568 түп сора егіпті

37

0

Ауласына 568 түп сора егіптіҚармақшы  ауданы  ішкі  істер  бөлімінің  қызметкерлерімен  жүргізілген  жедел-іздестіру  жұмыстарының  барысында 1972 жылы дүниеге келген Қармақшы ауданының тұрғыны өзінің  тұрғылықты  мекен жайында  568  түп  сора  өсімдігін  егіп  қойған  жерінен  әшкереленді.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тергеу амалдарын жүргізу  барысында аталған азамат 2011  жылдан  бері  есірткі тұтынатындығын  көрсеткен. Сора  өсімдігін  жеке  басы  үнемі  тұтынатын  болғандықтан  ауласына  еккендігін  мойындаған. Орын  алған  қылмыстық әрекет  бойынша сезіктіге қатысты Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  262-бабы 2-бөлігі «в»тармағымен  (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдің немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сорттарын  ірі  мөлшерде өсiру)  қылмыстық  іс қозғалып,  тергеу амалдары жүргізілді. Қазіргі танда айыпталушыға Қармақшы  ауданының  сот  үкімімен  3  жыл  бас  бостандығын  айыру  жазасы тағайындалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз