Ауласынан көлік жөндейтін шеберхана ашты

79

0

Ауласынан көлік жөндейтін шеберхана аштыҚармақшы ауданында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының бірінші «Инфрақұрылым және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету», екінші «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту», үшінші «Оқыту және қоныс аудару арқылы жұмыспен қамтамасыз ету» бағыттары бойынша 2011 жылдан бері ауданымызда 2070 азамат «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау» қоры, «Нұр-Рай», «Наурыз-Орда», «Қорқыт елі», «Самғау-2020», «Қамқор», «СерпінДамуФинанс» құрылымдарынан қаржылай қолдау тауып, өз кәсіптерін дамытуда. 
Соның бірі аталған бағдарламаның екінші бағыты арқылы «Нұр-Рай» шағын несие қорынан алынған 3 млн теңге қаржыға өз ауласынан заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған көлік жөндеу шеберханасын ашқан Жосалы кентінің тұрғыны Жаңабек Қисықов. Қазіргі таңда шеберханаға келушілер саны көбейіп, көлік жөндеуде түрлі сапалы қызмет көрсетіп отырған кәсіпкердің жұмысы үлкен сұранысқа ие.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз