Қауіпсіздік шаралары күшейтілді

94

0

Қауіпсіздік шаралары күшейтілдіБүгін облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев төтенше жағдайлар комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізді. Жиында 5 балықшының суға кетуі дария бойындағы қауіпсіздік шаралараның ескерілмегендігінен болғандығы айтылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, кеше Арал ауданы Қызылжар елді мекенінің балықшылары Аманөткел елді мекенінен тұсында Сырдария өзенінің үстінен «УАЗ» автокөлігімен өтпек болып, суға батып кетті. Қазіргі таңда автокөлік және ішінде қайтыс болған 5 адам судан шығарылды.

«1 ақпанға дейін Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дария бойындағы барлық өткелдердегі ескерту тақтайшаларын тағы бір мәрте тексеріп шығып, балықшыларға түсіндірме үнпарақшасын таратыңыздар. Егер ережеге бағынғысы келмейтіндер болса, құқық қорғау органдарына ескертіңіздер. Ал Ішкі істер департаменті, сіздер, мұз үстінде көліктердің жүруіне тыйым салыңыздар. Ауыл әкімдері де қол қусырып отырмаңыздар. Біз үшін адам өмірі маңызды, – деді облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз