Қауіпті кесел жабайы мысықтан жұққан ба?

66

0

Қауіпті кесел жабайы мысықтан жұққан ба?Қызылордада құтырма ауруына шалдыққан 40 жастағы келіншек көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі.
Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылында тұратын ол осыдан бірнеше күн бұрын Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген болатын.
Науқастың дене қызуы көтеріліп, бұлшық еттері ауырған, құсып, халі күннен-күнге нашарлаған. Өкінішке орай, жасалған ем-домнан еш пайда болмады. Ауруы асқынған азаматша бүгін таңертең жан тапсырды. Қатерлі дерттің қалай жұқтырылғаны белгісіз. «Қауіпті кесел жабайы мысықтан келуі мүмкін»,-дейді дәрігерлер.
 
Қаракөз Балабекова, Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:
– Бұл жерде жануалар тістемеген. Үйінде 1,5 ай бұрын сол жерде мысық пайда болған, сол мысық үйдің айналасында жүрген. Енді күдік сол мысықтан көріп жатырмыз енді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз