Ауыл баласы «Жас дарын» атанды

47

0

Ауыл баласы «Жас дарын» атандыӨнертапқыштар арасында мықтыларды анықтайтын республикалық «Шапағат-2014» байқауында Жаңақорған ауданы Бесарық ауылындағы №54 мектеп оқушысы Парасат Орынбасар «Жас дарын» атағын иемденді. 
18 жасар өнертапқыш 100 шақты жастың ішінен білімі мен біліктілігі арқасында суырылып алға шықты. «Негізгі менің жұмысымның мақсаты- өзім туып-өскен Бесарық ауылының суын тиімді пайдаланып, ауылды және ауыл маңындағы егістікті суармалы сумен және энергиямен қамтамасыз ету»,- дейді өз сөзінде Парасат. Айта кетейік, «Шапағат» республикалық байқауы ғылыми топтардың арасындағы нағыз таланттарды танытумен қатар өнертапқыштар мен инвесторлардың өзара диалог кұруына мүмкіндік туғызады. Яғни өнертапқыштардың инновациялық идеяларын жүзеге асыруына жол ашады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз