Ауыл әкімі пара алып жатқан жерінен ұсталды

37

0

Ауыл әкімі пара алып жатқан жерінен ұсталдыСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы
бойынша департаменті мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк
берілген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын Сырдария ауданы
Бесарық аумағының әкімі Қ.Смағұловты қылмыс үстінде ұстады, деп
хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
    Қ.Смағұловтың ҚР заңнамасында бекітілген Ережелерді сақтамай жеке
тұрғын үй құрылысына жер телімін беру үшін жеке тұлғадан 200000 теңге
сомасында пайдакүнемдік ниетпен пара алғандығы анықталды.
    Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
    «Қазақпарат»
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз