Ауыл әкімдерінің мәртебесі қандай?

42

0

ҚР Парламенті Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі жиынында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныс айтты.
Оның пікірінше, «Ауыл округінің әкімдері барлық мемлекеттік құрылым өкілдерінің, яғни учаскелік инспектор, веттехник және т.б.  жұмысын үйлестіріп отыру керек». Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл туралы аймақ басшысы бұдан бұрын да бірнеше рет айтып өткен болатын. Салалық министрліктер мен комитет өкілдері кейде, мысалы, ҚР ІІМ-не бағынатындарын сылтауратып, әкімшілік билікті мойындағысы келмейтінін атап өтті. 
– Дегенмен, ауылдық округ әкімдері Президенттің өңірлердегі өкілдері болып табылады, сондықтан олар басты басқарушы тұлға болуы тиіс, – дейді облыс әкімі. Сондай-ақ аймақ басшысы ауыл әкімдері мен олардың аппараттарының құқықтық және қаржылық сауатсыздығы әлі де жиі кездесетінін тілге тиек етті. «Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қаржылық құзыреттілігін тапсыруды 2017 жылға дейін қалдырған жөн», – деді өңір басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз