
Кенттің шет аймағында орналасқан нысан ішін іскер жан уақытпен үндестіре жабдықтаған. Кәсіпкер өз сөзінде:
– Жасыратыны жоқ, кенттегі тұрғындардың көпшілігі сойған малдарын үйлерінде союды әдет қылған. Бұл санитарлық ережелердің бұзылуына әкеліп соқтыруда. Сондықтан, осындай кемшіліктерді болдырмау үшін малдарды адал әрі талапқа сай союды жолға қойдық. Арық малдарды да бағуда ұстап, бордақылау жүргіземіз. Жұмыстың нәтижесі бар, – деді.
Расында, Үкімет қамқорлығына сүйене отырып, тың бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Кенттегі әлеуметтің әлеуетін көтеретін игілікті жұмыстардың көптеп көрініс тапқанынан жақсылықтың нышаны байқалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!