Ауыл мұғалімдері 68 млн. теңгеге әлеуметтік көмек алды

45

0

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Сейіл Ботакөздің
хабарлауынша, «Өзгерістер бағдарламасында» көрсетілгендей жаңа
форматтағы прокуратураны қалыптастыру үшін, мәселелердің салдарларымен
ғана емес, оларды алдын алуға шаралар қолдану маңызды.
Бұл халықтың прокуратура органдарына сенімін арттыруға оңды нәтиже беру қажет.
Айта кетсек, кейбір кездерде «достық» ортада қарапайым заңды түсіндірудің өзі, бірқатар азаматтардың заңды мүдделерінің қорғалуына алып келеді.
Талдаумен, ауылдық мектептерде бір жылдан астам жұмыс істеген мүғалімдер өздерінің құқықтарын білмегендіктен, көтерме жәрдемақыны, сондай-ақ үй салуға немесе оны сатып алуға мемлекеттік әлеуметтік көмекті ала алмаған.
Осы орайда, ү.ж. наурыз айында прокуратураның бастамасымен барлық ауыл мектептердің мұғалімдерімен кездесу өткізіліп, олардың құқықтары және тиісті көмек алу үшін қандай құжаттар қажеттігі туралы түсіндірілді.
Кездесу нәтижесімен уәкілетті органға 56 мұғалім өздерінің ұсынымдарын берді.
Қалалық әкімдіктің 17.04.2017ж. қаулысымен 31 мұғалімге барлығы 67,8 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек бюджеттен бөлінді.


Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз