
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қондырғы Алматы қаласындағы «Грунфос Қазақстан» ЖШС мекемесі гранты бойынша 2008 жылы мектеп ауласына тегін орнатылған болатын. Оның құны 6 млн. теңге тұрады. Одан таза ауыз су шығады. Арада 5-6 жыл өтсе де аталған қондырғы үздіксіз жұмыс жасап бүгінде №181 орта мектептің қажеттілігіне және ауыл тұрғындары бекітілген кестеге сәйкес ауыз суды тұтынып отыр.