Ауыл өнерпаздары – дала қосында

38

0

Жалағаш ауданының «Бостай» дала қосында Ақсу ауылдық
көркемөнерпаздар мен «Асыл әжелер» ансамблі дала еңбеккерлеріне арнап концерт
қойды. Жұмысшылар өмірі өнермен өрілген әжелердің әсем
әндерін тыңдап, талантты жастардың өнерін тамашалап, бір сергіп қалды, деп хабарлайды аудандық ішкі саясат бөлімі.

Шараға ауыл әкімі Ғалымжан Телібаев
қатысып, күрішке орақ түскелі тынымсыз еңбек етіп жүрген азаматтарға жылы
лебізін арнап, серіктестік ұжымына сәттілік тіледі. «Бостай» қосында «Сәрке батыр» ЖШС 1,5 мың гектарға күріш
егіп, 170 адам жұмыспен қамтылған. Жаңа техникаларға қол жеткізген серіктестік
басшылығы күріштен мол өнім алуды мақсат етіп отыр. 
 Айта кету керек, Нұржан Демеуов
басшылық ететін «Сәрке батыр» ЖШС әлеуметтік, мәдени шараларға қолдау білдіріп
келеді. Мешіт пен имамының еңбекақысын серіктестік өз
жауапкершілігіне алған. Сонымен қатар жуырда 10 ардагер Меркі, Жаңақорған
шипажайларына жолдама алса, 15 оқушы Астана қаласына саяхатқа барып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз