Ауыл шаруашылығы өнімдернің көлемі артты

55

0

Ауыл шаруашылығы өнімдернің көлемі арттыШиелі. Жыл басында Шиелі ауданының 2014 жылға арналған бюджеті 8 млрд. 718 млн. теңге көлемінде бекітілсе, есепті мерзімде бюджет 9 млрд. 380 млн. теңгеге нақтыланды. 
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Марат Шохановтың айтуынша, бірінші тоқсанда 662 млн теңгеге артқан. Бөлім басшысы бұл хабарламаны аудан әкімінің баспасөз қызметіне арнайы хабарлады. Одан өзге, Марат Серікбайұлы есепті мерзімде ауданда 422 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда өсім 101,2 пайызды құрағанын тілге тиек етті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз