Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға тағы 1,3 млрд теңге бөлінбек

46

0

Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға тағы 1,3 млрд теңге бөлінбекҚызылорда облысында мәслихат депутаттары өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға тағы 1,3 млрд теңге бюджет қаржысын бөлу мәселесін талқылады, деп хабарлайды облыс әкімдігі. 
Айта кету керек, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 4,5%-ға артты. Өткен жылдан бастап өңірдің тауар өндірушілері «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында ғана емес, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы желісі бойынша да көмек алып келеді. Күріш өсірушілерді қолдау үшін «Байқоңыр» агрохолдингі арқылы күріштің келісін тұрақты бағамен 50 теңгеден сату алу мәселесі шешілді. Бұл мақсатқа «ҚазАгроҚаржы 2,3 млрд теңгенің кредит желісін ашты. 
Осы қаражаттың есебінен көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 42 шаруашылық қаржыландырылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, машина-трактор паркі жаңартылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз