Ауыл шаруашылығына жаңа басшы келді

42

0

Ауыл шаруашылығына жаңа басшы келдіОблыс әкімінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 420-ө өкімімен Әбуов Дәуірбек Кеңесұлы міндетті арнайы тексеру нәтижесі  келгенге дейін Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды.  
Дәуірбек Кеңесұлы 1970 жылы дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік агроинженерлер университетін «инженер-механик», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы ұстаздық қызметтен бастаған. 1996-1999 жылдары Бюджеттік банктің облыстық басқармасында экономист, облыстық қазынашылық басқармасында аға қазынашы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, 1999-2000 жылдары Республикалық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы директорының орынбасары, 2000-2004 жылдары облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2004-2008 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің директоры,     2008-2010 жылдары «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ облыстағы өкілдігінің директоры, басқарма мүшесі, 2011-2012 жылдары «Оңтүстік» қаржы компаниясы» АҚ Вице-президенті болса, 2012 жылдың ақпан айынан бастап осы акционерлік қоғамның Басқарма төрағасы лауазымында қызмет атқарған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз