Ауыл спортшылары «Ақ бидайда» күш сынасады

61

0

Осы аптаның бейсенбісінде «Мұз айдыны» спорт кешенінде ауыл спортшыларының VI «Ақ бидай» спорт ойындары басталады.    
Бұл сынға облыстың жеті ауданынан 1000-ға жуық спортшы қатысып, спорттың 14 түрінен бақ сынасады. Төрт жылда бір рет өтетін спорт ойындары үш  кезеңде өткізілді. Мамыр айында өткізілген бірінші кезеңі ауылдық елді мекендерден бастау алса, екінші кезең аясында спортшылар аудан орталықтарында бақ сынасты.  
Облыс орталығында өтетін жарысқа екі кезеңнен іріктелген мықтылар қатысады.    
Дене шынықтыру және спорт арқылы ауыл жастарының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауылда дене шынықтыру қозғалысын дамытуды көздеген жарыста  11-16 қыркүйек  аралығында Ақтөбе облысында өтетін республикалық «Ақ бидай» спорт ойындарында облыс намысын қорғайтындар анықталады.    
Шағын футбол ойындары «Локомотив» стадионында, волейболдан жарыстар «Мұз айдыны» спорт кешенінде, асық ату жеңілатлетикалық манежде өтеді деп жоспарланып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз