Ауыл тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етілді

45

0

Қазалы ауданы Кәукей ауылы – 334 шақырымдағы Бердікөл-Қосаманнан бастау алатын Арал-Сарбұлақ топтық су құбыры тартылып, әрбір үйге ауыз берілген бірден бір ауыл, деп хабарлайды Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ауылда 2010 жылы типтік жобада салынған 300 орындық мектепте 265 бала оқиды. 2014 жылы елді мекендегі электр желісінің құрылысына 2 млн. теңге жұмсалып, көне электр желісінің орнына кернеулігі 0,4 кВ болатын 1 шақырымдық темір бетонды бағаналар орнатылды.

Жол жөндеу жұмыстары бойынша да біршама жұмыстар қолға алынды. Кәукей ауылына баратын «Қазалы-Қожабақы» автомобиль жолына жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстары биыл да жалғасады. Бұған қоса ағымдағы жылы «Бозкөл-Кәукей» аралығын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін облыстық бюджеттен 17,5 млн теңге бөлінді. Кәукей ауылына кіре берістегі көпірді қайта салу жұмыстары да аяқталуға жақын.

Аудан әкімі БахытЖахановтың айтуынша, Кәукей ауылында 90 орындық балабақша, дәрігерлік амбулатория құрлысын салу жоспарланып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз