АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН АЙТУЛЫ ЖӘРМЕҢКЕ

72

0

Қызылордада тұңғыш рет мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл шара ең алдымен аймақтағы шалғай ауылдарда тұратын халыққа барлық мемлекеттік қызметті бір жерден алуға мүмкіндік берді.

Жәрмеңкенің ашылу салтанатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Абзал Мұхимов мемлекеттік көрсетілетін қызметтер халыққа сапалы және қолжетімді түрде іске асырылу керектігін ерекше атап өтті.

– Сондықтан да бүгін жәрмеңкеге халықтың сұранысы жоғары жер, білім, тұрғын үй, көші-қон сияқты салалар бойынша қызмет көрсететін уәкілетті органдарды қатыстырып отырмыз. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді ол.

Жәрмеңкеге халықтың сұранысы жоғары жер, әлеуметтік, білім, тұрғын үй, сәулет және құрылыс, АХАЖ, әділет, салық, көші-қон салалары бойынша қызмет көрсететін уәкілетті органдары, Халыққа қызмет көрсету орталығының және «Қазпошта» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы қатысты.

Айта кетейік, шараға 200-ге жуық тұрғын келіп, қажетті қызметтер мен кеңес алды. Сонымен қатар ҮЕҰ өкілдерімен бірлесіп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтарға әдістемелік көмек көрсетілді.

Шынар БЕКБАН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз