Ауыл жастары Елбасы жолдауына қолдау білдірді

43

0

Ауыл жастары Елбасы жолдауына қолдау білдірдіАрал
ауданының әкімінің қолдауымен Жастарды қолдау орталығының Арал аудандық бөлімі,
«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты бастамасымен
ауданның өнерпаз жастарынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ Елбасының «Нұрлы
жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қаратерең және
Бөген ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу
барысында мектеп ұстаздары Елбасы Жолдауына байланысты ойларын ортаға салып,
жастар Жолдауға қолдау білдіріп, жүзеге асуына атсалысатындығын жеткізді. Сонымен
қатар, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Ә.Есеналиев өз саласы бойынша
ақпарат беріп, ауыл жастарына кеңінен 
түсіндіріп  өтті.
 Ақпараттық-насихаттық
топ жұмысы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, ауыл халқына көтеріңкі
көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз