
Аталмыш бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» деп аталатын бірінші бағыты бойынша өткен жылы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен ауданға бөлінген қаржы көлемі – 237874,0 мың теңге құрайды. Аталмыш қаржы Айдарлы, Ақжарма, Шаған, Іңкәрдария, Н.Ілиясов, О.Мәлібаев, Амангелді елді-мекендеріндегі ауылішілік және Тереңөзек кентіндегі А.Тоқмағамбетов, К.Байсейітова көшелері жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына жұмсалып, толығымен аяқталды. Осы бағдарлама негізінде аталған елді-мекендердегі жөндеу жұмыстарына жергілікті тұрғындардан 62 адам тартылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!