Ауылда отбасылық фестиваль өтті

50

0

Ауылда отбасылық фестиваль өттіЖаңақорған ауданына қарасты Бесарық ауылдық округінде «Мөлдір бұлақтан» атты тақырыпта өңірлік отбасылық, шығармашылық фестивалі болып өтті. 
Мақсаты – отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді, салауатты өмір салтын бекіту, өскелең ұрпаққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруде отбасы шығармашылығының рөлін арттыру. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, фестивальге қатысқан ауылдық отбасылар 3 номинация бойынша өнерлерін ортаға салды. Хореография (би, ұлттық би, классикалық, қазіргі заманғы, бал кештері), «Вокальды ұжым» (академиялық және эстрадалық жанрда ән шырқау) және «Сәндік- қолданбалы шығармашылық» (отбасылық ұжым дайындаған сәндік қолданбалы бұйымдар) номинациялары бойынша сынға түскен сайыста 1 орынды Назаровтар отбасы иеленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз