
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бiр сотық жерге орналасқан жылыжайдың iшi жарық, әрi жып-жылы әр ұяға арнайы түтiкше арқылы тамшылап су ағып тұр. Қияр да, қызанақ та пiсiп өнiм берiп жатыр. -Тамшылатып суару арқылы суды үнемдеу нәтижесінде барлық ұяшық түгел суарылады. Сосын органикалық тыңайтқыш қолданамыз, арамшөп шықпайды. Жылыжайдың материалдарын жинақтап, дәнекерлеп құрастыру жұмыстарын өз күшiмен атқарған. Жарық та, су да келiп тұр. Жерi өңделiп, көкөнiстiң қияр, қызанақ түрлерi егiлген. Әр жылдың ақпан, наурыз айларында өнiмiн бере бастайды.
Жүсiповтер отбасы ерте көктемде көкөнiс өнiмдерiн жинап алып, игiлiгiн көруде. Биыл бағбан Әйтек каналы бойынан 1,5 гектар жерге көкөнiс, бақша дақылдарын егiп, тамшылатып суару арқылы күтiмге алыпты.