Қазалы. Өткен
жылы Қазалы ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 1
млрд. 349 млн. теңге қаржы бөлініп, көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл жайында
аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан орталығы
мен 8 елді мекенде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, бірнеше ауылда жолдар
жөнделді. Мұнан өзге 142
адамға 357 млн.теңге несие беріліп, 117 адам кәсібін ашты. Сонымен бірге, 80
адам кәсіптік даярлаудан өтті