Ауылдарды дамыту жоспары бекітілді

41

0

Ауылдарды дамыту жоспары бекітілдіЖалағаш ауданы бойынша даму әлеуеті жоғары және орташа басқа да ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді. 
Осының нәтижесінде экономикалық дамуды жүзеге асыру,әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, елді мекендер мен өткізу нарығы үшін көліктік қолжетімділік аумағын кеңіту, мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын құру және дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты жұмыспен қамтуға көңіл бөлінеді.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2014-2018 жылдар арналған ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес республикалық, облыстық, аудандық және жеке, несие қаражат есебінен барлығы 5577,9 млн теңге қаржы қаралып, 472 адам жұмыспен қамтылу жоспарлануда. Осы 472 жұмыспен қамтылатындардың ішінде тұрақты жұмыспен қамтылатыны 126 адам немесе 26,7 пайызы болып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз