Ауылдың айтқыштары сайысқа түсті

38

0

Ауылдың айтқыштары сайысқа түстіҚазалы. Ауданда Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, сатирик Рүстем Жанайдың 70 жылдығына арналған «Қиқу» атты әзіл-сықақшылардың аудандық байқауы өткізілді. 
Республикада ұйымдастырылған «Тамаша» ойын-сауық отауынан кейін ауданымызда алғаш рет құрылған «Тамаша» ойын-сауық отауының негізін қалаушы сатирик ақынның өмірі мен шығармаларын мәңгі есте қалдыру, ұрпаққа үлгі ету байқаудың басты мақсаты болды. Рухани шараның шымылдығы ақынның «Өмір парақтарынан» келтірілген қойылыммен ашылды. Додаға он төрт драма үйірмелері мен әзіл-сықақшылар қатысып, олар бірінші кезеңде Рүстем Жанайдың сатиралық шығармаларын сахналаса, екінші кезеңде кез-келген автордың сатиралық шығармаларын сахнада орындаудан сайысты. 
Нәтижесінде бірінші орынды Кәукей аулынан қатысқан «Ызы шу, қым-қуыт» тобы, екінші орынды аудандық оқушылар Үйі жанындағы «Ойпырмай,ә» тобы мен Бекарыстан би аулынан қатысқан «Үштіктер» тобы, үшінші орынды Тасарық аулынан қатысқан «Күлкі-думан» тобы жеңіп алды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз